Ғалымдар 40 000 жыл бойы «ұйқыда жатқан» вирусты тірілтіп, маңызды мәлімдеме жасады
© Сурет: pexels
АҚШ-тың Колорадо штаты, Боулдер қаласындағы Университеттің ғалымдары Алясканың мәңгі тоңындағы мұзда 40 мың жыл бойы қатып жатқан ежелгі микроағзаларды қайта тірілтіп, ғылыми қауымдастықты алаңдатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Wionews дерегінше, зерттеушілер мұзда қатып қалған топырақ, тау жыныстары мен мұз үлгілерін жылытып, бұрын "өлі" деп есептелген микробтардың біртіндеп тіріле бастағанын байқаған.
Үлгілер Фэрбенкс қаласына жақын орналасқан "мұзды зират" деп аталып кеткен мәңгі тоң туннелінен жиналған. Бірнеше ай бойы +3°C пен +12°C температура аралығында инкубацияланған микробтар биожабындар – жойылуы қиын шырышты бактериалды қабаттар түзе бастаған.
Зерттеушілер бұл микроағзалардың адамдарға жұғуы екіталай екенін айтқанымен, олар экологиялық қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді. Себебі бұл тірі ағзалар көмірқышқыл газы мен метан бөледі — бұл өз кезегінде климаттың өзгеруін күшейтетін факторлардың бірі.
Инфекциялық аурулар жөніндегі маман, доктор Бригитта Эвенгорд мәңгі тоң тек зиянсыз микробтарды ғана емес, қауіпті вирустарды да жасырып жатуы мүмкін екенін ескертті.
"Бізге мәлім екі қауіпті вирус — сібір жарасы (түйнеме) мен шешек. Бірақ бұдан да қауіптілері болуы мүмкін. Бұл — нағыз Пандораның сандығы", — деді ол Greenpeace ұйымына берген сұхбатында.
Бұған дейін ғарышта бактериялардың өмір сүру мүмкіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 20 қыркүйек 2026
КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды
-
11:44, 20 қыркүйек 2026
АҚШ өз азаматтарына Таяу Шығыстағы шиеленіс кенеттен ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті
-
14:27, 18 қыркүйек 2026
Пиццерия қызметкері келушілердің тағамына әдейі қайызғақ түсірген
-
12:24, 18 қыркүйек 2026
Вьетнамның танымал туристік қаласында үш жер сілкінісі болды
-
10:42, 18 қыркүйек 2026
Қолтырауындар мекендейтін өзенде олимпиада жарыстары өтеді





