Франкфуртте ауқымды автошоу өтіп жатыр

10:35, 16 қыркүйек 2017

Көрмеден қымбат көліктерден басқа экологиялық таза техникаларды да кезіктіруге болады.

Бұл шараны Германия канцлері Ангела Меркель де тамашалаған. Меркель: «Жұртшылықтың неміс автоөнеркәсібіне деген сенімін қайта арттыру керек», – деді. Канцлердің айтуынша, автоконцерндер дизель төңірегіндегі жанжалдан бір қорытынды шығару керек.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

-Неміс автокөлік өндірушілері өз бизнестеріне ғана емес, тұтынушыларға да залал келтірді. Көлік индустриясы беделін қайта көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Бұл Германия елі үшін өте маңызды.

Автокөлік индустриясы – Германия өнеркәсібінің маңызды секторы, сондықтан ел экономикасы оған толықтай тәуелді.

Айта кетейік, әлемдегі ең үлкен автошоу 24 қыркүйекке дейін жалғасады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!