Eurovision 2017 байқауының алғашқы жартылай финалының нәтижесі белгілі болды

09:15, 10 мамыр 2017

Кивете өтіп жатқан Eurovision 2017 байқауының бірінші жартылай финалына шыққан әншілер белгілі болды.

Олар Молдова, Әзербайжан, Греция, Швеция, Португалия, Польша, Армения, Австралия, Кипр, Бельгия елдерінің өнерпаздары.

Алғашқы жартылай финалда 18 елдің әншілері бақтарын сынады. Нәтижесінде Албания, Чехия, Финляндия, Грузия, Исландия, Латвия, Черногория, Словения елдерінің атынан шыққан конкурсанттар байқаудан сүрінді.

Екінші жартылай финал 11 мамыр күні өтеді. Оған Македония, Мальта, Нидерланд, Сербия, Дания, Румыния, Венгрия, Австрия, Ирландия, Швейцария, Эстония, Израиль, Болгария, Сан-Марино, Литва, Хорватия, Норвегия и Беларусь әншілері қатысады.

Ал 13 мамыр күні өтетін байқаудың ақтық сынында жартылай финалдан өткен жеңімпаздармен қатар, Eurovision 2017 байқауының демеушілері Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания және Италия елдерінің өкілдері, сондай-ақ шара өтіп жатқан елдің әншісі қатысады.

«Хабар» арнасы Eurovision 2017 байқауын тікелей эфирден көрсетеді. 11 мамырдан 12 мамырға қараған түні жергілікті уақытпен сағат 01.00-де екінші жартылай финал, 14 мамыр сағат 01.00 гранд-финалды жіберіп алмаңыздар.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!