Әлиев пен Пашянин Таулы Қарабақ бойынша өз көзқарастарын мәлімдеді

10:35, 8 қазан 2020

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Euronews телеарнасына Таулы Қарабаққа қатысты ұстанымдарын ашып айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта Әзірбайжан мен Армения арасында атысты тоқтату екіталай екені атап өтілді, тараптар арадағы қақтығыстың басталуына бір-бірін айыптады.

- Бір тараптан атысты тоқтату мүмкін емес, бұл екіжақты шешім болуы керек. Оның үстіне, оны жергілікті аумақта жүргізу керек. Өздеріңіз білетіндей, Армения 27 қыркүйекте бізге шабуыл жасады, біздің әскери позицияларымызға және инфрақұрылымымызға зиян келтірді, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады. Армяндардың шабуылдары, соның ішінде атқылаған баллистикалық зымырандары мен кластерлік бомбалары салдарынан 30-ға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты (...). Бізге бірнеше рет шабуыл жасалды. Соңғы үш айда Әзірбайжанға үш рет шабуыл жасалды, - деді Әзербайжан президенті Ильхам Алиев.

Өз кезегінде, Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әлиевтің сөздерін жоққа шығарады және Әзірбайжанды Таулы Қарабақта этникалық тазарту жүргізуге ниетті деп айыптайды.

- Біз шешуге тиіс міндет саяси сипатта. Біздің мақсатымыз - армян халқын жаңа геноцидтен қорғау. Бұл - өз-өзін қорғау. Біздің ұстанымымыз бірдей болды және солай болып қалады: Қарабақ мәселесін күш қолдану арқылы шешу мүмкін емес. Оны зорлық-зомбылықпен шешуге болмайды. Қарабақ мәселесін күшпен шешу, оған дайындық - бұл Әзірбайжан ұстанған саясат, - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!