Әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингі жарияланды
© Фото: freepik
2026 жылғы 20 қаңтарда Brand Finance консалтингтік компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейтингтің көшін Apple компаниясы бастады. Ақпаратқа сүйенсек, технологиялық алпауыттың бренд құны 607,6 млрд АҚШ долларын құрады.
"Apple компаниясының құны 6%-ға өсті", – делінген Brand Finance жарияланымында.
Екінші орынға Microsoft жайғасты. Компанияның бренд құны 565,2 млрд доллар деп бағаланды. Ал үшінші орында Google тұр – оның құны 433,1 млрд долларды құрайды.
Үздік үштіктен кейінгі орынға Amazon орналасып, компанияның құны 369,9 млрд доллар болды. Ал бестікті Nvidia түйіндеді – оның бренд құны 184,3 млрд доллар деп бағаланды. Бұл ретте, Nvidia бағасы екі есеге жуық өскен, осылайша, ол TikTok, Walmart, Samsung және Facebook компанияларын басып озды. Айта кетейік, өткен жылы Nvidia бұл тізімде тек тоғызыншы орында болған.
Сарапшылар YouTube-ты әлемдегі ең қуатты бренд деп таныды, ал қытайлық WeChat екінші орынға шықты. Өз кезегінде, Microsoft бренд күшінің көрсеткіші бойынша Google мен LEGO-ны басып озып, үшінші орынға ие болды.
Ең қымбат брендтердің жартысынан көбі АҚШ-қа тиесілі, 15%-ы Қытайдан, ал 5,6%-ы Германиядан шыққан компаниялар.
Бұған дейін Италияда екі танымал клубтың жанкүйерлері жолда жаппай төбелес ұйымдастырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





