Әлемде 40 млн адам құлдық қамытын киіп жүр

11:05, 23 шілде 2018

Әлемде 40 миллионнан аса адам құлдық қамытын киіп жүр. Олар ауыр жұмысқа күштеп жегіліп не тән саудасымен айналысуға мәжбүр. Бұл туралы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі «Уак Фри» агенттігі хабарлады деп жазады Хабар 24 арнасы.

Арнайы жүргізілген зерттеуде 167 мемлекет назарға алынды.

Құлшылықта жүргендердің 71 пайызы қыз-келіншектер болып шықты. Олардың арасында еркінен тыс тұрмыс құрғандар бар.

Сонымен қатар жасаған қылмысы үшін еңбек етуге міндеттелгендер де осы тізімге қосылды.

Құлдар саны жөнінен Солтүстік Корея бірінші орында. Ал алғашқы ондық құрамына Эритрея, Бурунди, Ауғанстан, Пәкістан, Иран мен Камбоджа кіреді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!