Дәрігер дәрумендерді жөн-жосықсыз пайдалану қауіпті екенін ескертті
© Сурет: pixabay
К дәруменінің үлкен дозасы тершеңдікті арттырып, ыстықты көтереді.
Дәрігер бірқатар дәрумендерді жөн-жосықсыз қабылдаудың жағымсыз салдары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігер Елена Соломатина "Вечерний Москваға" берген сұқбатында А дәруменін шамадан тыс пайдалану қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды ria.ru. Оның айтуынша, А дәрумені антиоксидант болып табылады және онкологиядан қорғайды, бірақ артық доза кері әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ, дәрігер басқа дәрумендерді артық пайдаланудан туындауы ықтимал жағдайларға да тоқталды. Сонымен, синтетикалық С витаминін артық пайдалану бүйрек тастардың жиналуына, есекжемге және аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін, ал D дәруменіне тән теріс реакция — бауыр проблемалары, жүрек айну, көз алдында жарқылдың пайда болуы, естің шатасуы, құсу немесе іш қату.
Е дәрумені көп мөлшерде қауіпті емес, дегенмен оны шамадан тыс пайдалану түсік тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
К дәруменінің үлкен дозасы тершеңдікті арттырып, ыстықты көтереді.
Сөз соңында маман кез-келген дәрумендерді қабылдамас бұрын алдымен дәрігермен кеңесіп алуға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:27, 18 қыркүйек 2026
Пиццерия қызметкері келушілердің тағамына әдейі қайызғақ түсірген
-
12:24, 18 қыркүйек 2026
Вьетнамның танымал туристік қаласында үш жер сілкінісі болды
-
10:42, 18 қыркүйек 2026
Қолтырауындар мекендейтін өзенде олимпиада жарыстары өтеді
-
20:47, 17 қыркүйек 2026
Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды
-
14:25, 17 қыркүйек 2026
Аустралияда жасөспірімдер хайуанаттар бағына кіріп, қолтырауынға шабуыл жасаған





