БҰҰ ҚК-де Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарын айыптады

18:59, 7 қыркүйек 2017

Қазақстан БҰҰ ҚК-нің шұғыл отырысында Корей Халықтық Демократиялық Республикасының ядролық сынақтарын айыптап, Пхеньянды келіссөзге келуге шақырды.

«Мұндай әрекеттер халықаралық қауымдастықтың бейбіт, ядролық қарудан ада әлем құру жолындағы күш-жігеріне нұқсан келтіреді», – деді еліміздің осы ұйымдағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров. «Қазақстан мәселені саяси-дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды», – делінген мәлімдемеде.

АҚШ Солтүстік Кореяға қатысты мұнай эмбаргосын енгізуді ұсынды

Ал АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды. Вашингтон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Пхеньянға қарсы мұнай эмбаргосын енгізуді ұсынды. Құрама Штаттар қарар жобасын Кеңеске мүше елдерге жолдады. Құжатта Ким  Чен Ынның активтерін бұғаттау, Солтүстік Кореяның тоқыма эскпортына тыйым салу мен ел азаматтарының шетелде жұмыс істеуіне тыйым салу да қарастырылған. 

«Ирма» дауылынан 8 адам көз жұмды

Кариб теңізінің жағалауындағы «Ирма» дауылынан кем дегенде 8 адам қаза тапты. Алапат дауыл Антигуа мен  Барбуда елінің 95%-ын тас-талқан етті. Францияға тиесілі Сен-Мартен аралында да осыған ұқсас жағдай. Жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, арал аумағы жарықсыз қалды. Дауыл Пуэрто-Риконы да жайпап өтіп, Куба  мен Флоридаға бағыт алды. 

«Ирма» – соңғы он жылда Атлант мұхитынан соққан ең жойқын дауыл. Жел жылдамдығы сағатына 300 шақырымға жеткен. Ал күші қауіптің ең жоғары дәрежесі – 5 балға дейін көтерілді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!