Сербиядағы вокзалдағы қайғылы оқиғаға байланысты 11 адам тұтқындалды
© Сурет: бейнежазба скриншоты
Бұрын отставкаға кеткен Сербияның құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Горан Весич 1 қарашада Нови-Сад қаласының теміржол вокзалында бетон төбенің құлауына күдікті ретінде танылып, тағы 10 адаммен бірге тұтқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Вечернее новости" басылымының мәліметінше, іс бойынша "жалпы қауіп туғызу" қылмысына күдікті 11 адам ұсталды, осы баптың әртүрлі тармақтары бойынша 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
"Құрылыс экс-министрі Горан Весич ұсталды. Весичтен басқа темір жол көлігі министрінің көмекшісінің міндетін атқарушы Анита Димовский және "Сербия темір жол инфрақұрылымы" акционерлік қоғамы бас директорының міндетін атқарушы Елена Танаскович те тұтқындалды", — деп хабарлайды басылым прокуратураға сілтеме жасап.
Анықталғандай, қалған күдіктілер теміржол вокзалында жұмыс істеуге және құрылыс салуға рұқсат берумен байланысты болды.
Бұған дейін Сербияның Нови Сади қаласында теміржол вокзалының бетон төбесі құлағаны хабарланған болатын. 15 адам көз жұмды. Осыған байланысты 2 қарашада елде аза тұту күні жарияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:07, 22 қараша 2024
Үлкен ақ акула Жаңа Зеландиядағы әйгілі спортшыны жазым етті
-
12:47, 22 қараша 2024
Путиннің мәлімдемесі әлемдік нарыққа қалай әсер етті
-
15:54, 21 қараша 2024
АҚШ-та 600 мыңдай үй циклонның кесірінен жарықсыз қалды
-
10:50, 21 қараша 2024
Дубайда рекордтық салмақтағы алтын құйма жасалды
-
10:11, 21 қараша 2024
Ресейде буллингке ұшыраған мектеп оқушысы өзін-өзі өртеп жіберді