Бразилияда орта тап салықтан толығымен босатылды
© Сурет: pexels
Бразилия депутаттары президент Лула да Силваның орта тапты табыс салығынан босату жөніндегі негізгі бастамасын мақұлдады. Жағдай ең байларға салықты төрт есе арттыру арқылы қалыпқа келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
BFMTV жазуынша, Бразилия парламентінің төменгі палатасы 2 қазанда орта тап өкілдерін табыс салығынан босатуды мақұлдады.
Депутаттар қабылдаған құжат айына 5 000 доллардан аз (512 мың 188 теңге) табыс табатын адамдар үшін салықтан босату шекарасын кеңейтеді. Ал, қазіргі заңнама бойынша тек айына 3 000 доллардан (307 мың 313 теңге) аз табыс табатындар ғана салықтан босатылған.
Үкіметтің мәліметі бойынша, егер ұсыныс түпкілікті қабылданса, 2026 жылы шамамен 16 миллион бразилиялықтар бұл салықты төлемейді.
Бюджет кірістеріндегі шығындарды өтеу үшін жоба айына 50 000 доллардан астам (5 млн 121 мың 885 теңге) табыс табатын тұлғалар үшін салықты арттыруды көздейді. Қазір осы санаттағы 140 мың адам табыс салығының орта есеппен 2,5% төлейді. Өсу біртіндеп болады және 10%-ға дейін жетеді.
Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық сомаға дейін өскенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:52, 11 қараша 2025
Өзбекстанның бірінші ханымы қатерлі ісікке қарсы күресте әлемдік лидер атанды
-
11:45, 11 қараша 2025
Трамп: Қазір Ақ үйде Си Цзиньпинді лайықты түрде қарсы алатын орын жоқ
-
09:13, 11 қараша 2025
АҚШ-та ұшу кезінде жас жігіт ұшақтың есігін ашып жібермек болып, төтенше жағдай тудырды
-
14:26, 10 қараша 2025
Вьетнамда туристерге улы қоңыздар туралы ескерту жасалды
-
14:07, 10 қараша 2025
Трамп әрбір америкалыққа екі мың доллардан төлеуге уәде етті





