Бішкек түбінде құлаған ұшақтың қара жәшігі Мәскеуге жіберілді

11:05, 19 қаңтар 2017

Бұл туралы журналистерге Қырғызстан көлік және жолдар министрі Жамшитбек Калилов мәлімдеді. 

«Қара жәшіктер бүгін таңғы 7.30-да Мәскеуге жөнелтілді. Егер ондағы мәліметтер Мәскеуде оқылмаса, жәшіктер Францияға немесе АҚШ-қа жіберіледі», – деді министр.

Оның айтуынша, 18 қаңтар күні Мемлекетаралық авиациялық комитеттің комиссиясы апат орнына тексеру жұмыстарын жүргізді. Бүгін де комиссия өз жұмыстарын жалғастырады. 

Еске сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған Boeing-747 жүк ұшағы құлады. Апат салдарынан 38 адам мерт болды. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!