Қазақстанның зейнетақы жүйесі: болашақ зейнеткерлер үшін нені өзгертпек
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Бұл туралы Zakon.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуде болашақ зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі мен зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы Жанат Құрманов, сондай-ақ қаржы секторының сарапшылары Болат Жәмішев пен Елена Бахмутова азаматтардың зейнетақы құқықтарын нығайтуға, халықты зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейтуге және еңбек жолында көбірек зейнетақы жинағын қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді қарастырды.
"Талқылау барысында азаматтың болашақ зейнетақысын оның барлық құрамдас бөлігін – мемлекет төлейтін зейнетақы мен еңбек қызметі кезінде жиналатын қаражатты ескере отырып қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жұмысшы мен жұмыс берушінің тұрақты жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға және халықты зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейтуге ықпал ететін тетіктер қарастырылып жатыр", – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсыныстар әзірлеу кезінде зейнетақы жүйесіне ұзақ мерзімді әсер ететін негізгі факторлар да ескеріліп жатыр. Олардың қатарында демографиялық өзгерістер, өмір сүру ұзақтығының артуы, еңбек нарығының өзгеруі және халықаралық тәжірибе бар.
Жұмыс барысында актуарлық есептеулер мен болжамды бағалауларға да жеке бөлім арналды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:40, 24 қазан 2026
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды
-
21:08, 24 қазан 2026
Республика күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:48, 24 қазан 2026
Бублик жарақатына байланысты Almaty Open турнирінің жартылай финалындағы кездесуін аяқтай алмады
-
20:04, 24 қазан 2026
«Өнімді кездесу үшін алғыс айтамын»: Тоқаев NVIDIA басшысының Қазақстанға берген ұсыныстарын бағалады
-
19:15, 24 қазан 2026
Ақмола облысында көлік жол жұмысшыларын қағып кетті: бір адам қаза тапты





