Көксайдағы тағы жеті отбасы Республика күнін жаңа пәтерде қарсы алады
© Фото: zakon.kz
Республика күні қарсаңында Шымкент қаласындағы Нұрлыбаев көшесі, №22 тозығы жеткен үйде тұрған 7 отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды. Қоныс аудару Көксай шағынауданын жаңарту тұжырымдамасының бір кезеңі саналатын реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Айта кетейік, тұжырымдама іске асырыла бастағаннан бүгінге дейін 135 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Пәтерлер Shymkent City және Тұран шағынаудандарындағы тұрғын үй кешендерінен беріліп отыр.
Жаңа пәтерлер толық әрленген және қоныстануға дайын. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету кезінде бұрынғы пәтерлерінің ауданы мен бөлме саны ескеріледі.
Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шаһар басшысы отбасыларды маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа қоныстарында амандық, отбасылық береке мен жылулық тіледі.
Еске салайық, Көксай аумағын жаңарту тұжырымдамасы баспана қорын кезең-кезеңімен жаңартуды ғана емес, инженерлік инфрақұрылымды дамытуды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды да көздейді. Тұрғындарды көшіру – аумақты жаңарту мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған осы өзгерістердің маңызды бөлігі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 24 қазан 2026
Астанадағы әлем чемпионаты: «классик» Исхар Курбаев жартылай финалға өтті
-
16:58, 24 қазан 2026
Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінің финалына шықты
-
16:25, 24 қазан 2026
Азия Пара ойындары: Қазақстан 50 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енді
-
15:42, 24 қазан 2026
Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды
-
15:03, 24 қазан 2026
Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты





