​Басымен 56 рет доп қайтарған орта жастағы әйелге көпшілік разы болды

11:09, 9 шілде 2018

Әлеуметтік желіде орта жастағы әйелдің басымен 56 алты дпты қайтарып, қабырғаға ұрып ойнаған сәті жазылған видео тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бейнежазбада жас шамасы 50-лер төңірегінде болатын, басына орамал тағып, ұзын етек көйлек киген әйел допты бірнеше рет қабырғаға басымен қайтара соғып ойнайды.

Оны инстаграм желісіне қолданушылар салып жатыр. Әлем чемпионатымен байланыстырған кейбір оқырман әйелдің мұнысына разы болса, енді бірі «қазіргі әжелеріміздің түрі осындай» деген сыни пікір де қалдырып жатыр.

«Дәл қазірге дейін Мессиге жанкүйер едім, енді мына апаға... Аты-жөні кім екен?», «Мына апам Қазақстанның кейбір футболшыларынан мықты ғой» десті желі қолданушылары.

Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!