Бангладештегі су тасқынынан 60 адам қаза тапты

10:00, 18 тамыз 2017

Бангладеште су тасқыны шамамен 60 адамның өмірін қиды.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, төпелеген нөсер де толас таппай тұр. Өткен аптада Үндістан, Непал және Бангладеште басталған ақ жауын салдарынан Ганг өзені арнасынан асып, елді мекендерді су басты. Жексенбі күні Динаджпур округінде 23 адамның апаттан қайтыс болғаны тіркелген. Елдегі 64 округтің 13-і су тасқынынан зердап шеккен. 500 мың адам уақытша баспаналарға орналастырылды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!