Ауғанстан үкіметі Ресейдің оны мойындау шешіміне пікір білдірді
© Сурет: unsplash
Ауғанстан үкіметі Ресейдің олардың билігін ресми түрде мойындаған алғашқы ел болғанын мәлімдеп, бұл қадамды "батыл шешім" деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының мәліметінше, 2021 жылдан бері билікте отырған исламдық жетекшілер бұл мәлімдемені Ресейдің Кабулдағы елшісімен өткен келіссөздерден кейін жасады.
Талибтер 2021 жылы билікке қайта оралып, шетелдік қолдауға ие болған үкіметті құлатып, ислам шариғатының қатаң түрін енгізген еді.
"Бұл – батыл шешім, әрі басқа елдерге үлгі болады... Енді мойындау процесі басталды, ал Ресей бәрінен озық шықты", – деді Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттаки X әлеуметтік желісінде жарияланған кездесудің бейнежазбасында.
Бұл мәлімдеме Талибан дипломаты Гуль Хассанның Мәскеуге Кабул елшісі ретінде тағайындалуынан кейін жасалды.
Ресейдің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов РИА Новости агенттігіне Ресей үкіметі Ауғанстан үкіметін "мойындағанын" растаған. Сонымен қатар, Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты ТАСС агенттігіне де растады.
Мәскеу Талибан үкіметімен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру бағытында қадамдар жасап, биыл сәуірде ұйымды "террористік ұйым" мәртебесінен алып тастап, оның өкілдерін ресми іс-шараларға шақырған болатын.
Бұған дейін Иранның ауған босқындарын елдеріне депортациялау туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





