Атамбаевтың шаруасы тынады. Милиция үйіне тағы ірі шабуыл бастады

17:07, 8 тамыз 2019

Атамбаевтың үйін басып алу үшін екінші штурм басталды, деп жазады akipress.

Басылым хабарлағандай, сағат 16.20-да Атамбаевтың үйінде болған 500-дей адам Беш-Күнгей жаққа жылжыды. Олардың қолдарында қару жоқ, тек тас пен таяқ ұстаған.

Ал 16.23-те арнайы жасақ қайтадан шабуылға кірісті. Милиция Атамбаевтың үйіне граната лақтырды.

РИА Новости жеткізгендей, Атамбаевтың штабы экс-президентті жақтаушылар мен қарулы күштер арасында жаңа қақтығыс басталғанын мәлім етті. Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі митингті тоқтатып, Қой-Ташқа қарай келе жатыр.

Қырғызстанның бұрынғы президентін жақтайтын Фарид Ниязов Алмазбек Атамбаевтың үйіне екінші шабуыл басталғанын растады.

- Атыс естілді. Гранаталар жарылып жатты, — деді ол.

Жарақат алғандар туралы Фарид Ниязов ештеңе айтпады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!