Асқар Ақаевқа Қырғызстанда ас беріледі

14:47, 13 ақпан 2020

Марқұм Айдар Ақаевтың туған елі – Қырғыз Республикасында ас беріледі, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғыз елінің тұңғыш президентінің үлкен ұлы Айдар Ақаевтың өмірден озуына байланысты Шу облысында ас беріледі. Марқұмның достары мен туған-туыстары Бішкекте де ас бермекші.

Асқар Ақаевтар отбасының ешқайсысы жақында Қырғыз еліне баруды жоспарлап отырған жоқ. Олар Мәскеуде ас береді, оған бұрынғы президенттің ең жақын адамдары мен туыстары жиналады делінеді.

Кейбір БАҚ "Қырғыз елінің бұрынғы бірінші ханымы Бішкекке ұшып келді" деп ақпарат таратты. Бірақ Мемлекеттік шекара қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Бұл – жалған ақпарат. Майрам Дүйшенқызы Ақаева мемлекеттік шекараны кесіп өтпеді, деп хабарлады ведомствадағылар.

5 ақпанда Мәскеуде Айдар Ақаев 44 жасына бес күн қалғанда кенеттен қайтыс болды. Жүрегі ұстап қалды делінді. Дәрігерлер оны құтқара алмаған. 8 ақпанда оны Мәскеудегі Троекуровск зиратына жерледі.

Қырғызстанның тұңғыш президентінің үлкен ұлы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы 18 жастағы Әлияны алған еді. 2005 жылы халық толқуларына байланысты ол отбасымен бірге Мәскеуге көшті. Осыдан кейін Айдар Ақаевқа қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды, олар бойынша келтірілген шығын көлемі - 3 миллион доллар.

Назарбаевтың қызынан ажырасқаннан кейін ол кинематография саласында танымал адам Чокубаевтың қызын алған. Күйеуге тигенге дейін ол НБT телеарнасында жүргізуші болып жұмыс істеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!