Apple компаниясы телефондағы «тыңшылық» қызмет үшін 95 миллион доллар айыппұл төлейді

11:25, 5 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

Компания Siri дауыстық көмекшісіне қатысты сот дауын шешуде айыппұл төлейді. Жәбірленушілер Siri-ге пайдаланушылардың жеке әңгімелерін келісімсіз тыңдайды деген айып тақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian ақпаратынша, бұл ретте корпорация айыптауларды жоққа шығарды. Apple-ге қарсы сот ісінде айфон пайдаланушылары Siri-ді байқаусызда іске қосқаннан кейін өздерінің жеке әңгімелері үнемі жазып отырылғанын және жарнама берушілерге жеткізілгенін айтып шағымданды.

Екі талапкер әңгімеде Air Jordan кроссовкалары мен Olive Garden мейрамханалары туралы айтылғаннан кейін осы брендтердің жарнамалары шыға бергенін айтты. Тағы бір жәбірленуші дәрігермен денсаулық жағдайын талқылағаннан кейін хирургиялық емдеу туралы жарнамаға қалай тап болғанын айтты.

Талапкерлер Apple олардың әңгімелерін жазбас бұрын келісім сұрамағанын алға тартып айыптады. Сот шағымында бұзушылықтар 2014 жылдың 17 қыркүйегінен 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды деген болжам бар. Жазбалар "Сәлем, Siri" функциясы енгізілгеннен бері жазылған.

Бұған дейін Кенияға құлаған зымыранның бір бөлігі жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырғаны хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!