Apple-дың сымсыз құлаққаптары сатыла бастады

10:58, 26 желтоқсан 2016

Қазан айында пайда болған AirPods сымсыз құлаққаптары Apple компаниясының ресми интернет-дүкенінде сатылымға шықты. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарлады.

iPhone 7 және 7 Plus смартфондарымен бірге таныстырылған компанияның алғашқы сымсыз құлаққабын желтоқсан айының ортасынан бастап дүкен сөрелерінен көруге болады. Бағасы 159 АҚШ долларын құрайды (~53 000 тг.). Өндірушілердің сөзінше, тапсырыс 2 апта ішінде жеткізіледі. Құлаққап Siri жүйесі арқылы басқарылады.

Siri сұрақ-жауапқа негізделген дербес көмекші жүйе. Құлаққапты 2 рет басып дауыс ырғағын жөндеп алсаңыз болады. Оны телефоныңызға қосқан сәттен барлық Apple құрылғыларына жалғанады. Мысалы, пайдаланушы iPhone-да AirPods арқылы әуен тыңдап отырса да, жанындағы MacBook-ке келген қоңырау құлаққапҚазіргі уақытта аталмыш өнім 100-ден астам елдерге қол жетімді болып отыр.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!