Тоқаев десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын тағайындады

11:43, 3 сәуір 2026

© Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының өкімдерімен 2026 жылғы 3 сәуірде ҚР Қарулы Күштерінде лауазымдық ауыс-түйіс орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Атап айтқанда, Махсут Гусейнов ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

"Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды". Ақорда

Сондай-ақ, "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне Бағлан Өсербаев келді.

"Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды".Ақорда

Махсут Гусейнов – 1977 жылы Шымкент облысы Бүгүн ауданының Шұбаров ауылында дүниеге келген. 2000 ж. ҚР ҚК Әскери академиясын ЖӘУ (мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикалық) бағдарламасы бойынша, 2013 ж. (Әскери және әкімшілік басқару) мамандығы бойынша Ұлттық қорғаныс университетін, 2021 ж. Ұлттық қорғаныс университетінің "Қарулы күштерінің академиясы" факультетін (әскери істегі стратегиялық менеджмент) тамамдады.

Сурет: gov.kz

2000 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі аралықта взвод командирінен бастап әскерлер қолбасшысы орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерді. 2024 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысының Өкімімен "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!