Англиялық жеткіншек өз компаниясын 4 млн долларға сатты

13:09, 17 сәуір 2017

Ұлыбританиялық жас кәсіпкер өз компаниясын 3,5 млн фунт стерлинке (4,4 млн доллар) сатты. Бұл туралы The Sun хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 18 жастағы Бен Тауэрстің цифрлі дизайн бойынша Tower Design компаниясы бар. Ол алғаш рет компаниясын 11 жасында, өз бөлмесінде құрды.

 

Жас кәсіпкер өз бизнесін Zest деп аталатын ірі коммуникациялық және маркетингтік компаниямен біріктіретін болды. Бұл келісім 2018 жылдың соңына дейін Тауэрске 4,4 млн доллар пайда әкеледі. Қазір компанияда Манчестерде, Кентте және Лондонда 22 серіктесі бар. Сонымен қатар, Twitter мен Pot Noodle сияқты да ірі клиенттері бар.

Айта кетейік, Бен Тауэрс 2016 жылы The Times супер жасөспірімдер (The Times Super Teen Power List) рейтингінде көш бастады және жылдың жас кәсіпкері атағына ие болған.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!