АҚШ-та 600 мыңдай үй циклонның кесірінен жарықсыз қалды
© Фото: unsplash
АҚШ-тың Вашингтон штатында сұрапыл циклон соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы мәліметке қарағанда, 600 мыңдай үй мен кәсіпорын жарықсыз қалған және де сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жеткен дауылдан ағаштар құлап, көлік қатынасы тежеліп, екі адам қаза тауып, екеуі жараланды, деп жазады qazaqstan.tv.
"Бомба циклон" деп аталатын алапат желден Орегон мен Солтүстік Калифорния штаты да зардап шеккен. Онда да мыңдаған адам жарықсыз отыр.
Метеорологтардың айтуынша, мұндай циклон полярлық аймақтан көтерілген суық ауа мен тропикалық ауаның соқтығысуынан пайда болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:50, 21 қараша 2024
Дубайда рекордтық салмақтағы алтын құйма жасалды
-
10:11, 21 қараша 2024
Ресейде буллингке ұшыраған мектеп оқушысы өзін-өзі өртеп жіберді
-
09:45, 20 қараша 2024
Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды
-
21:58, 15 қараша 2024
Абхазиядағы көтеріліс: оппозиция ел президенті орнынан кетуге келіскенін мәлімдеді
-
10:07, 13 қараша 2024
Пәкістанда лас ауа бір айда 1,8 миллион адамды ауруға шалдықтырды