АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстандағы сайлау жөнінде мәлімдеме таратты
© Сурет: saylov.uz
АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстанда жексенбіде өткен президент сайлауы жөнінде мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Құжатта АҚШ "Өзбекстан халқының 24 қазандағы президент сайлауында дауыс беру құқығын жүзеге асырғанын қолдайды" делінген.
Мемлекеттік департамент ЕҚЫҰ адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюро миссиясының бақылаушылары жасаған қорытындымен келісті. Бақылаушылар адам көп жиналған сайлау бейбіт өтті деген. Дей тұрғанмен, АҚШ ЕҚЫҰ миссиясының бірқатар мәселелер бойынша "алаңдағанымен" келіседі, делінген мәлімдемеде.
Мемлекеттік департмент Өзбекстан үкіметінің ЕҚЫҰ бақылаушыларымен әріптес болғанын құптап, олардың сайлауларға қатысты кеңестерін жүзеге асыруға үндеді.
2019 жылғы парламент сайлауынан соң ЕҚЫҰ Өзбекстан билігіне 32 кеңес берген. Өзбекстан соның 18-ін қабылдап, үшеуін жартылай қабылдап, сегіз кеңесті әлі қарастырып жатқанын мәлімдеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады