АҚШ Иранға әуеден соққы берді - видео
© Сурет: pexels
26 маусымда АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Орталық қолбасшылығы күштері Ормұз бұғазындағы коммерциялық кемеге жасалған шабуылға жауап ретінде Иранға соққы берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Америкалық авиация ирандық зымырандар мен дрондар қоймаларына, сондай-ақ жағалаудағы радиолокациялық станцияларға соққы берді. Бұл туралы ақпаратты қолбасшылықтың баспасөз қызметі Х-тағы парақшасында жариялады.
Онда Америка тарапы бірнеше сағат бұрын Иранның M/V Ever Lovely жүк кемесіне "камикадзе дрондармен" жасаған шабуылынан кейін әрекетке кіріскені айтылады. Иран Сингапур туымен Оман жағалауынан шығып, Ормұз бұғазына бет алған жүк кемесіне шабуылдаған.
"Иран күштерінің коммерциялық жүк кемесіне қарсы негізсіз агрессиясы атысты тоқтату режимін тікелей бұзуға жатады. Сонымен қатар, Иранның қауіпті әрекеттері осы маңызды халықаралық сауда дәлізі арқылы сауда ағындары күшейіп келе жатқан жағдайда кеме қатынасы еркіндігіне нұқсан келтірді", делінген қолбасшылық хабарламасында.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормұз бұғазындағы атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Оның айтуынша, Иран Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерге қарай кем дегенде төрт "камикадзе дронын" жіберген.
"Дрондардың бірі үлкен және өте қымбат жүк кемесінің жоғарғы палубасын зақымдап, бірақ өз жолымен кері қайтты. Тағы үш дрон атып түсірілді", - деп жазды АҚШ көшбасшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Көп ұзамай АҚШ ӘК Орталық қолбасшылығының баспасөз қызметі Иран территориясында шабуылдың видеосын жариялады.
https://t.co/CckXLJSpah pic.twitter.com/NoMQ7cNtN5
— U.S. Central Command (@CENTCOM) June 27, 2026
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:53, 2 шілде 2026
Белгілі әншінің құрметіне Барби қуыршағы шығарылды
-
21:44, 1 шілде 2026
«Бригада» мен «Бумер» фильмдерінде ойнаған актердің денесі өзеннен табылды
-
16:59, 1 шілде 2026
Бірегей ғарыш обсерваториясы Жерге құлауы мүмкін: оны құтқару үшін бұрын-соңды болмаған операция басталады
-
11:41, 1 шілде 2026
Венесуэлада үш жасар бүлдіршін алты күннен кейін үйінді астынан тірі табылды
-
11:02, 1 шілде 2026
Күншығыс елінде ер адам азулы жыртқыштың құрбанына айналды





