Қазақстан – Корея матчы: Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді

09:43, 17 қараша 2024

© Сурет: ktf.kz

Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан – Корея матчында Елена Рыбакина мен Сон Хен Пак шеберлік байқасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы болса, кореялық спортшы рейтингіде 355-орында тұр. Елена Рыбакина 25-те, қарсыласы одан үш жасқа кіші еді.

Бірінші партияны Рыбакина 6:2 есебімен аяқтады.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!