Бүгін - Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

10:03, 17 қараша 2024

© Сурет: Zakon.kz

Бүгін Қазақстанда Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Агрономдар, мал өсірушілер, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, сондай-ақ өнімдерді өндірумен және қайта өңдеумен байланысты аралас салалардың қызметкерлері – осы мамандардың еңбегінің арқасында күн сайын біздің дастарханымыз молынан жайылады – жаңа піскен нан, ет, сүт, май, қаймақ, көкөніс пен жеміс қоямыз".

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі отандық салада өндірілетін өнімге де байланысты.

Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу мақсатында шаралар қабылданып жатыр, соның нәтижесінде азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі ұлғайып келеді, биыл 2,4 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!