12 жастағы талантты бала Мексикадағы ең ірі университеттің студенті атанды

12:07, 3 тамыз 2018

12 жастағы талантты бала Мексикадағы ең ірі университет саналатын Ұлттық автономды жоғарғы оқу орнының студенті атанды деп жазады massaget.kz.

Карлос Антонио Сантамарияны университеттегілер 9 жасынан бастап біледі.

Ол аналитикалық химия, биохимия және молекулалық биология пәндері бойынша курсты сәтті аяқтаған.

Оқуды жалғастыру мақсатында Карлос 6 тамыздан басталатын биомедицина курсын таңдады.

"Ол ата-анасы ертіп келетін жалғыз студент болады", – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Жоғарғы оқу орнына кіру мүмкіндігіне ие болу үшін Сантамария орта мектептің бітіру емтихандарын мерзімінен бұрын тапсырған.

"Мен тек қана оқуды қалаймын. Егер мені есіктен қуып жіберсе терезеден кіремін", – дейді жас студент.

Баланы Мексикадағы АҚШ елшілігі "гений және кішкентай мексикалық талант", – деп құттықтады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!