WTA 1000 турнирі: Бейжіңдегі жарыстың үшінші айналымында Рыбакина жеңіліс тапты
© Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемнің 10-ракеткасы болып табылатын отандасымыз үшінші айналымда неміс қызы Ева Листен (№66) жеңіліп қалды.
Матч 2 сағат 16 минутқа созылды. Германия өкілі 6:3, 1:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп ол өз карьерасында әлемдегі үздік 10 теннисшінің бірін алғаш рет ұтты.
Осылайша, Бейжің корттарында әйелдер арасында жекелей сында өнер көрсететін бір де бір Қазақстан өкілі қалмады.
Лис төртінші айналымда америкалық Маккартни Кесслер мен чех теннисі Барбара Крейчикованың бірімен ойнайтын болады.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 8,96 миллион долларды құрайды. Үшінші кезеңге дейін жеткені үшін Рыбакина 60,4 мың доллар сыйақы алады.
Бұған дейін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жеткенін әрі оның жарысты екінші айналымнан бастағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:02, 19 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан волейболдан ширек финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі
-
10:43, 19 қыркүйек 2026
Рыбакина бір аптаға Қазақстанға келеді
-
09:11, 19 қыркүйек 2026
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарында алғашқы матчын өткізді
-
19:45, 18 қыркүйек 2026
Астанадағы Дэвис кубогы: Таиландқа қарсы қос матчта да Қазақстан жеңіске жетті
-
17:43, 18 қыркүйек 2026
2026 жылғы Азия ойындары: Қазақстан көгалдағы хоккейден Малайзия құрамасынан ұтылып қалды





