Велотрек: Асылхан Тұрар Азия Кубогын иеленді
10-12 қазан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында велотректен Азия Кубогы жарыстары өтті.
Үш медаль алған қазақстандық спортшылар спорттың осы түрінен Азия көшбасшыларының бірі екендігін дәлелдеді.
Веложарыстардың қиын түрі саналатын омниум бәйгесінде скретч, темпо, элиминатор және ұпай жарыстары бойынша велосипед тепкен 20 жастағы қазақстандық спортшы Асылхан Тұрар жеңімпаз атанды.
Ол «король бәйгесінің» бірінші және соңғы кезеңдерінде жеңіске жетіп, темпода қытайлық Лян Гуоны, ал элиминаторда өзбекстандық Руслан Федоровты алға жіберіп алды. Асылхан Тұрар жалпы бәйгені есептегі ірі басымдықпен аяқтады.
АҚШ-тан барған Лэмби Эштон мен Қытай спортшысы Лян Гуодан 14 ұпайға озып кетті. Бір күн бұрын Асылхан Тұрар жеке бәйгеде Азия Кубогының қола медалін алған болатын, ал командаласы Владимир Цой ұпай бәйгесінде екінші орынды иеленіп, Қазақстан делегациясының қоржынына бір күміс салды.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды