Василий Левитке Олимпиаданың алтын медалі берілді

20:06, 14 қаңтар 2017

Астанада VI жыл сайынғы «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыс ету шарасында Рио Олимпиадасында күміс жүлде алған қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада ойындары алтын медалінің көшірмесі табыс етілді.

Айта кетейік, Бразилияда өткен Олимпиадада Василий Левит финалда ресейлік боксшы Тищенкоға жол берген болатын. Алайда төрешілердің шешіміне xалық үлкен наразылық танытты. 

Әлеуметтік желілерде аталмыш әділетсіздік туралы талқылаулар ұзақ уақыттарға жалғасты. Сол кезде «Халық сүйіктісі» сыйлығының ұйымдастырушысы Ғалым Байтұқ боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалінің көшірмесін жасату үшін xалықпен бірге қаражат жинауға кіріскен болатын. Енді міне бүгін бұл медаль xалықтың спортшыға деген зор ықыласы ретінде салтанатты жағдайда табыс етілді. 

«Әрине, осынау қамқорлықтың барына, xалық қолдауының барына өте қуаныштымын. Бір жағынан бұл үлкен жауапкершілік. Мен бұл медальді алда әлі ақтау керек деп санаймын», – деді Василий Левит.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!