Түркістандағы байдарка мен каноэде есуден АЧ: Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Түркістанда байдарка мен каноэде есуден жастар (U23) және жасөспірімдер (U18) арасындағы Азия чемпионаты өз жалғасын табуда. Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның алтауы - алтын, алтауы - күміс және біреуі - қола жүлде.
U23 санаты
Алтын медаль иегерлері: Стелла Суханова (байдарка-бірлік, 1000 метр), Дмитрий Холмогоров (байдарка-бірлік, 1000 метр), Сұлтан Шарапиев (каноэ-бірлік, 200 метр), Стелла Суханова (байдарка-бірлік, 200 метр).
Күміс жүлдегерлер: Полат Төребеков (каноэ-бірлік, 1000 метр), Мария Бровкова (каноэ-бірлік, 1000 метр), Ульяна Киселёва (каноэ-бірлік, 200 метр).
U18 санаты
Алтын медаль иегерлері: Тимофей Таранов (байдарка-бірлік, 200 метр), Эвелина Костенко (байдарка-бірлік, 200 метр).
Күміс жүлдегерлер: Богдан Носиков (каноэ-бірлік, 1000 метр), Тимофей Таранов (байдарка-бірлік, 1000 метр), Ксения Сломинская (каноэ-бірлік, 200 метр)
Қола жүлдегер: Анна Емельяненко (байдарка-бірлік, 1000 метр)
Айта кетейік, құрлық біріншілігі 7 маусымға дейін жалғасады.
Бұған дейін қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 27 шілде 2026
«UFC-ке оралмайды»: Шавкат Рахмоновтың дәрігері спортшының жағдайы туралы мәлімдеме жасады
-
11:18, 27 шілде 2026
Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болды
-
09:34, 27 шілде 2026
«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қайтадан көш бастады
-
15:01, 26 шілде 2026
Тарихи медаль! Артем Матусевич U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
19:45, 25 шілде 2026
Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды





