Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінде көш бастады
© Сурет: olympic.kz
Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Испания құрамасына қарсы алғашқы ойында Александр Шевченко Пабло Карреньо-Бустаға есе жіберді.
Кейін Елена Рыбакина Джессика Манейроны жеңіп, есепті теңестірді.
Шешуші үшінші кездесуде Рыбакина мен Шевченко испандық жұп Пабло Карреньо Буста/Ивон Кавалье-Реймерсті жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, Қазақстан Испанияны 2:1 есебімен жеңіп, С тобында көш бастады. Бұл топта Қазақстаннан бөлек Грекия құрамасы да бар. Грек теннисшілерімен кездесу 30 желтоқсанда өтеді.
Еске сала кетейік, турнирде Қазақстан құрамасы сапында Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Александр Недовесов өнер көрсетеді.
Ширек финалға алты топтың жеңімпаздары және екінші орын алған үздік екі команда өтеді. United Cup турниріне барлығы 18 құрама қатысып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:56, 28 желтоқсан 2024
Күрестен Азия чемпионы Ережепов лауазымды қызметке тағайындалды
-
09:29, 28 желтоқсан 2024
Хоккейден Қазақстан құрамасы 1:8 есебімен Швецияға есе жіберді
-
21:17, 27 желтоқсан 2024
Шаңғымен трамплиннен секіруден төрт қазақстандық спортшы Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
-
19:19, 27 желтоқсан 2024
Харбин-2025: Қазақстан ұлттық құрамасының формасы таныстырылды
-
17:35, 27 желтоқсан 2024
Биатлоннан Қазақстан кубогының екінші кезеңі аяқталды