Еуропаның бірнеше мемлекеті қар құрсауында қалды
© Фото: Zakon.kz
Еуропаның бірнеше мемлекеті қар құрсауында қалды. Хорватия, Словения, Сербия, Солтүстік Македонияға жауған 80 см-лік қар көлік қозғалысын қиындатып, тасжолдар жабылды.
Қалааралық теміржол қатынасы тоқтады. Бораннан Боснияда 200 мыңнан астам үйдің тұрғындары бірнеше сағат жарықсыз, жылусыз қалды. Ауа райының қолайсыздығынан мектептерде сабақ болмай, бірқатар кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Синоптиктер "қар әлі бірнеше күн жауады" деп ескертуде.
Қар толассыз жауып жатыр, ағаштар ауыр салмақты көтере алмай құлауда. Сондықтан халыққа жолға шықпай, үйде отыруға кеңес береміз. Драшко Станивукович, Баналуке қаласының әкімі
Жолды тазалап үлгермей жатырмыз. Тасжолда көліктер 12 сағат тұрып қалды. Сондықтан бірқатар аймақта төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Нави Аличих, Азаматтарды қорғау басқармасының директоры.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:36, 27 желтоқсан 2024
Қостанай облысында жолаушылар мінген шағын автобус жолда қалып қойды
-
22:28, 27 желтоқсан 2024
Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады
-
21:47, 27 желтоқсан 2024
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
-
21:17, 27 желтоқсан 2024
Шаңғымен трамплиннен секіруден төрт қазақстандық спортшы Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
-
20:45, 27 желтоқсан 2024
Оралда ер адамның шырша ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды