Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасы 28 жыл бұрынғы үздік көрсеткішін қайталады
© Сурет: olympic.kz
Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплиндегі командалық сайыс өтіп жатыр. Илья Мизерных пен Данил Васильевтен құралған жұп жарысты 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 ел сынға түскен бәсекеде отандастарымыз алғашқы айналымнан сәтті өте алды және 11-орынға тұрақтады. Дәл осындай нәтижені 1998 жылы Нагано Олимпиадасында Павел Гайдук, Александр Колмаков, Дмитрий Чвыков, Станислав Филимоновтан құралған команда тіркеген еді.
Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіруден командалық сайыста отандастарымыз ең кейінгі рет 20 жыл бұрын Турин Олимпиадасына қатысқан.
Осылайша бұл спорт түрінен біз үшін Милан Олимпиадасы тәмам.
Басты жетістігіміз – Илья Мизерных үлкен трамплиндегі сайыста 8-орын алуы арқылы ел тарихының ең үздік спортшысы ретінде есте қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 21 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
-
16:41, 21 ақпан 2026
Қазақстандық үш гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
-
13:05, 21 ақпан 2026
«Қайрат» жанкүйерлерін Орталық стадиондағы ашық жаттығуға шақырды
-
11:36, 21 ақпан 2026
Олимпиада-2026: 21 ақпанда ел атынан кімдер өнер көрсетеді
-
10:05, 21 ақпан 2026
WBO Жәнібек Әлімханұлын бір жылға жарыстан шеттетті





