Саблямен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижелері

18:25, 3 сәуір 2025

© Сурет: olympic.kz

Будапештте (Венгрия) саблямен семсерлесуден ерлер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сында жеңісті Франция спортшысы Себастьен Патрис иеленді.

Қазақстан құрамасындағы ең үздік нәтиже Бақдәулет Құралбекұлына тиесілі – ол 59-орынға тұрақтады.

Артем Саркисян – 77-орын, Жанат Нәбиев – 93-орын, Назарбай Саттархан – 131-орын, Артур Чупраков – 143-орын, Қуаныш Ерғашбай – 230-орынмен аяқтады.

Командалық бәсекеде Қазақстан 15-орынға ие болды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!