«Бернли» сапындағы Сәтбаевқа қатысты өз командасының мүшесі пікір білдірді
© Фото: zakon.kz
"Бернли" ағылшын клубының жапондық жартылай қорғаушысы Рэо Хататэ команда мүшесі Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ASnews.kz мәліметінше, Чемпионшиптің 9-турында "Бернли" сырт алаңда "Уотфордты" 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Хататэ 25-минутта гол соқса, ал алған жарақатынан кейін қатарға қайта қосылған Сәтбаев 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына алаңға шықты.
"Ол – жақсы ойыншы. Жылдамдығы мен допты алып жүру техникасы керемет. Дастан әлі жас, сондықтан оның болашағы зор деп санаймын. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы", – деді Хататэ.
"Бернлидің" келесі матчы 13 қазанда өз алаңында "Чарльтон Атлетикке" қарсы өтеді. Кездесу қазақстандық уақыт бойынша 23:45-те басталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:10, 12 қараша 2026
Жасөспірімдер Олимпиадасы: Бибарыс Әшірбайға да күміс медаль бұйырды
-
18:20, 12 қараша 2026
Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді
-
14:23, 12 қараша 2026
Хабиб Нұрмағомедовтің бауыры Әбу-Дабиде UFC-дің бұрынғы чемпионын ұрды деген күдікпен ұсталды
-
23:49, 11 қараша 2026
Жасөспірімдер Олимпиадасы: боксшы Марал Төлепберген жартылай финалға шықты
-
22:29, 11 қараша 2026
Таеквондошы Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді





