Олимпиада-2026: бүгін Галышева және 16 отандық спортшы өнер көрсетеді
© Сурет: Юлия Галышева/сурет: Сали Сабиров
14 ақпанда Италияда өнер көрсететін отандық спортшылар тізімі жария болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, сенбі күні Италиядағы Олимпиада ойындарында Қазақстанды жеті спорт түрінен 17 спортшы танытады. Жарыстың басталуы Қазақстан уақыты бойынша көрсетілген.
Сурет: ҚР ҰОК

Сурет: ҚР ҰОК
Бұл тізімдегі ең тәжірибелісі - Юлия Галышева. Бұл оның бесінші олимпиадасы. Ол алғаш рет Ванкувер-2010 ойындарына қатысқан. Ол кезде ол небәрі 17 жаста еді.
Сонымен қатар, Галышева Пхенчхандағы 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері екенін айта кетелік.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14 ақпанда таңертең Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтап, спортшыны II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 2 сәуір 2026
Ушу бойынша тарихи жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын Алматыда қарсы алды
-
20:48, 1 сәуір 2026
Көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды
-
22:19, 31 наурыз 2026
Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының чемпионы атанды
-
19:20, 31 наурыз 2026
Александр Шевченко Бухаресттегі ATP 250 турнирін жеңіспен бастады
-
18:22, 31 наурыз 2026
Римма Волосенко бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына шыға алмады





