Мирас Жақыпов кəсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

09:21, 15 қаңтар 2017

Мирас Жақыпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

WSB тұжырымы бойынша Astana Arlans құрамында чемпион болған отандасымыз кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын Қытайда бастады. Шанхайда өткен жекпе-жек төрт раундқа созылған болатын. Жартылай жеңіл салмақта жергілікті боксшы Гуаньжи Женмен шаршы алаңға шыққан отандасымыз ұпай саны бойынша қарсыласын ұтты.

Айта кетейік, 27 жастағы Мирас Жақыпов – Өскемен қаласының тумасы. Бокс пен кикбокстан Қазақстан чемпионы. 2012, 2014 және 2015 жылдары Astana Arlans командасы сапында 6 жекпе-жек өткізді. 4 рет жеңіске жетіп, 2 кездесуінде жеңілген.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!