Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды
© Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық оқушы Алдияр Амангелді халықаралық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
7–13 мамыр аралығында Ташкентте математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысынан "Білім-инновация" мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды.
Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды:
Бірінші орын:
- Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
Екінші орын:
- Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
- Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
- Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
- Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
- Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.
Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.
Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





