Қазақстандық марафоншы Астанадан Бейжіңге бағыт алды

23:30, 6 шілде 2017

Марафоншы Дулат Иманқажы велосипедпен Бейжің қаласына бағыт алды.

Ол 67 күнде 6 мың 200 шақырымды бағындырмақ.  Астанаданa-Новомаркова-Ерейментау-Шідертіге барып, Майқапшағай арқылы шекарадан өтеді. Сосын Зимунай-Үрімші-Шаньси бағытын бетке алып, Бейжіңге жетеді. Марафон Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналады. Желаяқ бұған дейін Сауд Арабиясына жаяу аттанып, Меккеде құлшылық етіп, алыс-жақын жатқан өзге де елдерді аралап қайтқан еді.

 

Дулат Иманқажы, марафоншы:

-Былтыр мен Астана қаласынан Волгоградқа дейін соғыстың 70 жылдығына  жүріп өткенмін. Сондықтан өзіме сенімдімін. Құдай қаласа, қуат берсе, бұл арақашықтықты еңсеремін. Менің бірінші мақсатым – мына жастарға спортты үйрету. Өйткені қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындары арасында 45 пайыз семіздік тіркелді. Ол деген ауру.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!