Қазақстандық екі спортшы бокстан Азия чемпионатының келесі айналымына өтті
© Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Дильфуза Бековамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Аида қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті.
Ал тағы бір қазақстандық боксшы Милана Сафронова (66 келіге дейін) қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты, жартылай финалға тікелей жолдама алды.
Айта кетейік, келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:03, 4 желтоқсан 2024
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының кезекті күнінде қандай нәтиже көрсетті
-
18:53, 4 желтоқсан 2024
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының екінші ойынында жеңіліс тапты
-
17:18, 4 желтоқсан 2024
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан ерлер құрамасы қандай нәтиже көрсетті
-
17:14, 4 желтоқсан 2024
Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті
-
13:09, 4 желтоқсан 2024
Қазақстандық әжелер UFC атағы үшін жекпе-жекке түсетін Шавкат Рахмоновты қолдады