Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
© Сурет: Instagram/artyom.antropov
Қазақстандық Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 385 (164+221) келіні бағындырды.
21 жастағы қазақстандық зілтемірші Артем Антропов Ташкентте өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде IV-орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағандылық Артем Антропов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Бірінші жаттығудан кейін қазақстандық 12-ші орынды иеленді. Ал жұлқа көтеруде спортшы бірден 215 келіні бағындыруға тырысты, алайда бұл оңай болмады.
Қазақстандық Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 385 (164+221) келіні бағындырды. Мұндай нәтиже серпе көтеруде кіші күміс жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді. Алайда жарыстың қорытынды кестесінде Артем Антропов IV-орынға ие болды.
Алтын медальді Колумбия спортшысы Монтано Паредес (187+213/400 келі) жеңіп алды. Фарис 394 келіні (172+222 ) көтеріп, күміс жүлдені иеленді. Ал Санчес 391 (177+214) келімен үздік үштікті қорытындылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





