Г.Головкин: Сондерс, сен көп сөйлейсің!

09:19, 20 маусым 2017

Лондонда Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) баспасөз мәслихаты өтті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасай отырып хабарлады. Боксшыларға сұрақ қойғандардың арасында WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) те болды. Сондерс «Канелоға»: «Жекпе-жек өткізбей Головкинге WBC белдігін неге бере салдың?», – деп төтесінен сауал қойды. Аудармашы британдықтың сөздерін аудара бастағанда, ол сөзін қайта жалғастырып: «Мен саған өзім-ақ аударып бере аламын: сен қорқақсың!» – деді.

Ал Геннадий Головкин британдықты тез арада-ақ өз орнына қойды. «Сондерс, сен көп сөйлейсің! Сен промоутер емес, боксшысың!», – деді ол.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» стадионында өтеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!