Джейкобс: Головкинмен жекпе-жекте көпшілікті таңқалдырамын

12:11, 18 қаңтар 2017

Орта салмақта WBA (Regular) чемпионы Дэниэл Джейкобс 18 наурызда Геннадий Головкинге қарсы кездесуде ерекше өнер көрсетпек.

«Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды. Себебі адамдар менің кей тұстарымды көрген жоқ және бәсте көп нәрсе тұр. Головкинмен жекпе-жекте көпшілікті таңқалдырамын деп ойлаймын. Адамдар кездесудің кезекті нокаутпен аяқталатынын күтеді. Бірақ менде шыдамдылық басым. Мен үшін әсерлі сәт. Мұндай мүмкіндіктің туғаны сәттіліктің белгісі», – деді Джейкобс.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!