Денис Тен Димаш Құдайберген орындаған әннің сүйемелімен өнер көрсетеді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен тамызда алған жарақатынан айығып, мұз айдынына қайта оралатынын мәлімдеді.
Спортшы өнер көрсететін бағдарламалардың бірі Димаш Құдайберген орындаған французша SOS d'un terrien en détresse композициясымен сүйемелденеді. Танымал әнші Инстаграмдағы парақшасында Қазақстанның мақтанышы деп атап, спортшыға сәттілік тіледі.
«Жылы сөздерің үшін рахмет. Сенің әніңе билеу - маған үлкен мәртебе. Осы композицияға олимпиада жылында үлкен үміт артып отырмыз. Екі ай бұрын спорттық мансабымда ең ауыр жарақат алған едім. Бірақ дәрігерлердің болжамына қарамастан, осы аптада Францияда біріккен шығармамызды жұртшылыққа ұсыну бақыты бұйырды», - деп жауап қатты спортшы. Денис Тен биыл толық оңалу үшін көп жұмыс істеуі, сағаттап жаттығуы қажет екенін тілге тиек етті. Еске сала кетейік, спортшы 10 тамыз күні Кореядағы «Ice Festa» шоуы қарсаңында жарақат алып қалған болатын.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 15 маусым 2023
Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты
-
17:49, 9 қаңтар 2023
Месси мен Роналду бір-біріне қарсы ойнайды
-
23:49, 25 қараша 2022
Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
-
00:11, 4 қараша 2022
Ринат Жұмабаев шахматтан Азия чемпионы атанды
-
23:50, 3 қараша 2022
Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды