Данияр Елеусінов титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті
© Сурет: Instagram/yeleussinovdaniyar
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао чемпиондық атақ сарапқа салынатын кездесу алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Данияр Елеусіновтің салмағы 66,4 келі болса, ал аргентиналықтың салмағы - 66,5 кг.
Қарсыластар IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленуге таласады.
Бокс кеші 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтеді.
Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокста 10 рет жеңісі бар, оның алтауын мерзімінен бұрын аяқтаған. Хуан Эрнан Леаоның қоржынында 15 жеңіс (4 нокаут) бар және бір жекпе-жекте тізе бүккен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





