Черчесов жұмысынан кетуіне қатысты пікір білдірді

18:39, 27 қаңтар 2025

© Сурет: Instagram/kff_team

27 қаңтарда БАҚ беттерінде Станислав Черчесовтың Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен босатылғаны туралы жаңалық шықты. Ресейлік маман келісімшарттың мерзімінен бұрын бұзылуына не түрткі екенін ашып айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Мәскеуде жүргенде келісімшарттың бұзылылғаны туралы жаңалықты естиді, деп жазады "СЭ". 61 жастағы тәлімгермен арадағы еңбек келісімшарты тараптардың өзара шешімі бойынша бұзылған. Черчесовпен бірге Қазақстан құрамасынан бүкіл жаттықтырушылар штабы кетеді.

"Қаңтар айының басында Астанада Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаровпен кездесіп, сөйлестік. Сол кезде жұмыс барысын талқылап, наурыз айында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындықтар бойынша нақты жоспарды баяндап, өзімнің жұмысқа қай жағынан келетінімді, бағыт-бағдарымыз нендей екенін түсіндірдім". Станислав Черчесов

Өздеріңіз білетіндей, БАҚ-та Черчесовтың қызметінен кететіндігі туралы әртүрлі қауесеттер болған, алайда бұған қатысты ешкім түсініктеме бермеген еді, әсіресе ҚФФ тарапынан.

"Бүгін таңертең Мәскеуде бұрыннан таныс ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжановпен кездестім. Оған да алдында айтқанымды тағы да қайталадым. Ол федерация президентімен байланысқа шықты, сөйтіп олар бұл жағдайда өздеріне басқа жаттықтырушы керек деп шешті, бірақ бұл арада қандай нюанстар барын білмеймін. Мен ақпаратты адвокатыма жеткіздім, ол менің де, көмекшілерімнің де келісімшарттарын мерзімінен бұрын бұзып, осы іспен айналысады". Станислав Черчесов

Станислав Черчесовтың басшылығымен футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылы УЕФА Ұлттар лигасы дивизионында дебют жасады, онда бес рет жеңіліске ұшырап, Норвегиямен бір рет тең ойын өрнегін көрсетті.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!