Бейбіт Шүменов WBA белбеуінен айырылды

09:33, 19 маусым 2017

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті тұрақты чемпион белбеуінен айырды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Ұйымның жаңарған рейтингінде бұл титул кубалық Юниер Дортикостың еншісінде екенін көруге болады.

Еске салайық, Шүменов пен Дортикос сәуірде жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда қазақстандық жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, осы себепті кездесу кейінге қалған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!