Бакудегі сенсация: қазақстандық спортшы Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
© Сурет: Астана әкімдігі
Көркем гимнастикадан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем кубогының 3-кезеңінде ел намысын қорғаған Ақмарал Ерекешева жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева алғаш рет ересектер деңгейіндегі ірі халықаралық жарысқа қатысып, таспа жаттығуында 27.000 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
- 1-орын: Дарья Варфоломеева (Германия, Париж Олимпиадасының чемпионы) – 28.800 ұпай;
- 2-орын: София Раффаэли (Италия, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) – 28.500 ұпай;
- 3-орын: Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) – 27.000 ұпай.
Ақмарал Ерекешева жарыс барысында Азия ойындарының чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан), әлем чемпионатының жүлдегері Таисия Онорийчук (Украина) және Болгария өкілі Стилияна Николованы артта қалдырды.
Сондай-ақ жерлесіміз көпсайыс нәтижесінде үздік ондыққа енді.
Бұған дейін Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:27, 23 маусым 2026
Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:14, 22 маусым 2026
Қазақстан алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
-
16:56, 22 маусым 2026
Қазақстан футбол құрамасында күтпеген өзгеріс: бас бапкер отставкаға кетті
-
22:44, 21 маусым 2026
Әртістік жүзу: Виктор Друзин мен Наргиза Болатова әлем кубогы суперфиналының қола жүлдегерлері атанды
-
21:05, 21 маусым 2026
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатындағы екінші медалін жеңіп алды





